Алматыда субұрқақтар қысқы кезеңге кезең-кезеңімен өшіріліп жатыр

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жұмыстарды 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда субұрқақтарды күзгі-қысқы кезеңге жоспарлы түрде консервациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыстар 1-10 қазан аралығында кезең-кезеңімен жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының «Жасыл Алматы» КММ мамандары субұрқақ кешендерін суық мезгілге дайындап жатыр.

Субұрқақтар тоқтатылып, суы ағызылады, тостағаны мен жабдықтары тазартылады. Сондай-ақ мамандар инженерлік жүйелерді үрлеп, құрғатады, ал жабдықтардың кейбір құрылымдары алынып, қысқы сақтауға жіберіледі. 

Консервациялау жұмыстары инженерлік желілер мен жабдықтарды төмен температураның әсерінен қорғау үшін қажет. Бұл ретте, әр нысанның техникалық ерекшеліктері ескеріледі.

Жұмыстарды 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Қысқы кезеңнен кейін мамандар техникалық қызмет көрсетіп, субұрқақтарды жаңа маусымға дайындайды.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі тұрғын үй мәселесі бойынша азаматтардың өтінішін қарады