Алматыда туризм саласындағы жобаларды қолдау үшін жобалық кеңсе ашылды

Luca Bravo/unsplash.com/
Luca Bravo/unsplash.com/

Жобалық кеңсе Алматыға бірегей туристік өнімдер мен инфрақұрылымдарды жасауға мүдделі жаңа инвесторлар мен кәсіпкерлерді тартады деп күтілуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Туризм басқармасы мен «Almaty Business Development Company» ЖШС бірлесіп, туризм саласындағы жобаларды қолдау үшін «бір терезе» (One Stop Shop) форматындағы жобалық кеңсені іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мақсаты – Алматыда туристік жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан инвесторлар мен кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету.

«Бір терезе» форматы кәсіпкерлерге барлық қажетті консультациялар мен қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беріп, инвесторлардың уақытын және ресурстарын үнемдейді.

Жобалық кеңсенің негізгі қызметтері:

  •        Консультациялық қолдау: туристік жобаларды жүзеге асыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша, соның ішінде заңнамалық талаптар мен әкімшілік рәсімдер бойынша кәсіби кеңес беру.

  •        Жобаларға жәрдемдесу: стратегиялық жоспарлау, құжаттарды дайындау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіруді қоса алғанда, жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде көмек көрсету.

  •        Мемлекеттік қызметтерді алу: рұқсаттар, лицензиялар және басқа да қажетті құжаттарды алуға жәрдемдесу, бұл туристік жобаларды іске қосу мен жүзеге асыруды едәуір жеделдетеді.

Жобалық кеңсе Алматыға бірегей туристік өнімдер мен инфрақұрылымдарды жасауға мүдделі жаңа инвесторлар мен кәсіпкерлерді тартады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің экономикалық өсуіне ықпал етеді. Жаңа Жобалық кеңсе бизнес өкілдерімен, коммерциялық емес ұйымдармен және мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастыққа ашық.

Жобалық кеңсенің мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 303, 2-қабат

Оқи отырыңыз: Алматыда қыс қарсаңында ауқымды тазарту жұмыстары жүргізіледі

Новости партнеров