Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті

Балалар үшін артистердің, шығармашылық ұжымдардың, ертегі кейіпкерлері мен аниматорлардың қатысуымен мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Жаңа жыл елімізді аралап келеді» атты дәстүрлі жаңа жылдық Президент шыршасы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекеге 300 бала шақырылды. Олардың қатарында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндер, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, сондай-ақ оқу, спорт және шығармашылық саласында жетістікке жеткен дарынды оқушылар бар.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жас қонақтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке, оқуда табыс және армандарының орындалуын тіледі.

Балалар үшін артистердің, шығармашылық ұжымдардың, ертегі кейіпкерлері мен аниматорлардың қатысуымен мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға жаңа жылдық сыйлық табысталды.

Жаңа жылдық Президент шыршасы — жылдан жылға жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Бұл мереке балаларға қуаныш сыйлап, олардың жан-жақты қолдау көріп жатқанын сезіндіруге, сондай-ақ өскелең ұрпаққа деген қамқорлық пен айрықша назардың маңызын айқындай түседі.

Оқи отырыңыз:Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

Новости партнеров