Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Ниязбеков көшесі, 30/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сот шешімімен сүрілді. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында нысан иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызбен Жетісу аудандық сотына жүгінді. 2024 жылы 17 желтоқсандағы сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Алматы қалалық сотының 2025 жылы 20 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бүгінгі таңда сот шешімін орындау аясында нысан иесі ғимаратты өз күшімен бұзды.

Оқи отырыңыз: Алматыда Түркі әлемінің Жастар астанасы жылы қорытындыланып, жаңа жобалар жоспарланды

Новости партнеров