Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етеді
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізуді және оларды аккредиттеуге қойылатын талаптарды белгілеуді көздейтін Заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ведомство мәліметінше, жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу балалар мен жасөспірімдер спортының материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттырады.
"Мәселен, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір спортшыға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Қазіргі сметалық қаржыландыру кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 233 мың теңгені құрайды", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Туризм және спорт министрлігі - сметалық қаржыландыру жүйесін қолданып отырған жалғыз мемлекеттік орган. Осыған байланысты саланы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне ауысады.
Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Аталған шығындар Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен қолдау тапты, ал қажетті қаражат жергілікті бюджеттер есебінен бөлінеді.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды еліміздегі барлық БЖСМ-де 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді.
Оқи отырыңыз: Құны 79 млн теңгеге дейінгі қымбат оталар барлық қазақстандыққа қолжетімді - ДСМ