Алматыда зейнеткерлер арасында шахмат турнирі өтті

Жарысқа қаланың 9 ауданынан 30-дан астам адам қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай зейнеткерлер арасында шахмат турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жарысқа қаланың 9 ауданынан 30-дан астам адам қатысты. «Турнирдің басты мақсаты – егде жастағы жандардың интеллектуалдық қабілетін жақсартып, белсенді өмір салтын қалыптастыру

Турнирге қатысушылардың жас ерекшелігі әртүрлі. Әйелдер – 61 жастан, ерлер – 63 жастан жоғары. Барлығы өз орталықтарында іріктеу кезеңінен өткен. Адамның ойлау қабілетін жетілдіретін турнирде мемлекеттік гимн айтылып, соғыс тақырыбында әндер шырқалды.

«Турнир Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына арналған. Қатысушылар осында кәдімгідей демалып,замандастарымен кездеседі», – деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының меңгерушісі Жазира Сәлімбаева.

 «Даму орталығында қарттарға арнап ардагерлер арасында жарыс өтіп тұрады.  Орталықтың жұмысы көп. Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Осындай жарыстар көп бола берсін», – деді зейнеткер Бақдәулет Кәкімұлы.

Жарыс жеке жүйеде өтіп, қатысушылар жас ерекшелігіне сай бес және алты тур бойынша бақ сынады. Турнирге белгілі спорт шеберлері мен тәжірибелі шахматшылар да қатысты. Жеңімпаздар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Айжан Дайрабай, Сағынғали Мұңайтпасов

Оқи отырыңыз: Батырларға тағзым: Алматыда еске алу акциясы өтті

 

Новости партнеров