Алматыда жаңа қала маңы бағыты ашылды

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл соңына дейін Алматы агломерациясындағы 70-ке жуық елді мекенді қамтитын тағы 19 бағыт ашу жоспарланып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мегаполисті агломерациямен көлік байланысын арттыру мақсатында қала маңындағы қоғамдық көлік бағыттарын ашу жалғасын тауып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

15 қазаннан бастап үлкен сыйымдылықтағы автобустар «Райымбек» метро бекетінен Есік қаласына дейін қатынайды, соңғы аялдамасы – Еңбекшіқазақ ауданының Қызылжар ауылы.

№252 бағытында 25 автобус қызмет көрсетеді, жүру аралығы 10 минут. Бұл бағытқа «ECOBUS SERVICE» ЖШС қызмет көрсетеді.

Бұған дейін Алматыда 34 қала маңы бағыты ашылып, оларға 491 автобус бөлінген болатын. Жыл соңына дейін Алматы агломерациясындағы 70-ке жуық елді мекенді қамтитын тағы 19 бағыт ашу жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Димаштың әні Мексикадағы тоғыз радиостанцияда шырқалды

Новости партнеров