Димаштың әні Мексикадағы тоғыз радиостанцияда шырқалды

Dimashnews
Dimashnews

Димаштың жанкүйерлерімен тығыз байланыста болған жүргізуші Джари оларды құшақ жая қарсы алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "When I’ve Got You" әні Match FM радиостанция арқылы бүкіл Мексикада бір уақытта таратылған Conteomatch бағдарламасында ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Dimashnews композицияның қандай қалаларда орындалғанын атап өтті. Олардың қатарында Пуэрто-Вальярта (98,5 FM), Пуэбла (90,1 FM), Гвадалахара (90,3 FM), Морелия (93,9 FM), Леон (97,5 FM), Керетаро (97,9 FM), Кульякан (100,1 FM) және Мехико (99.3 FM) қалалары бар.

Айта кетейік, Acir тобы мен халықаралық iheartradio желісінің бөлігі болып саналатын Match FM радиосы Мексикада да, шетелде де өз толқындарында таратылатын әндер мен бағдарламаларды насихаттайды.

Еске салайық, мексикалық Dears биылғы жылдың тамыз айында Мехикодағы Match 99.3 FM радиостанциясымен кездесу өткізген. Димаштың жанкүйерлерімен тығыз байланыста болған жүргізуші Джари оларды құшақ жая қарсы алған. Джари қазақстандық әншінің шығармашылығын таныту мақсатында TikTok желісінде тікелей эфир де жүргізгенін еске саламыз. 

Оқи отырыңыз: Күзгі науқан: үздік шаруашылық қызметкерлеріне автокөлік сыйлады

Новости партнеров