Алматыда «Жасыл аула» акциясы аяқталды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұрғындардың айтуынша, мұндай бастамалар жасыл әрі жайлы аула құруда маңызды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы аясында жыл сайынғы «Жасыл аула» акциясы аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы маусымда қала тұрғындарынан 305 өтінім келіп түсіп, оның 133-і мақұлданып, 1156 көшет берілді. Әсіресе, Әуезов, Бостандық және Алатау аудандары тұрғындары акцияда белсенділік танытты.

Көшеттер «Эко Алматы» базасында және әр ауданның комьюнити орталығында тегін таратылады. Тұрғындардың айтуынша, мұндай бастамалар жасыл әрі жайлы аула құруда маңызды.

«Біз бұл акцияға екінші жыл қатарынан қатысып отырмыз. Ауламызды одан әрі көгалдандырғымыз келеді. Мен он бес көшет алуды жоспарлап отырмын, ағаш түрлерін өзіміз таңдаймыз», - деді акцияға қатысушы Ілияс Мамытов.

Акция аясында тұрғындар қайың, шаған, алма, сәнағаш, шегіршін және бұталардың көшетін алды. Барлық көшет жаңа ережелерге сай: биіктігі кемінде 2,5 м, діңгегінің диаметрі 1,3 м биіктікте 3 см-ден кем емес.

Соңғы жылдары «Жасыл аула» акциясы аясында 20 мыңнан астам көшет отырғызылды, бұл қаланы жасыл әрі өмір сүруге қолайлы етеді.

Оқи отырыңыз: Алматы үшін жедел қоғамдық көлікті дамыту басты мәселе

Новости партнеров