Аталған аумақта газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Алматының Бұқар жырау бульвары учаскесінде жол қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
"QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалының хабарлауынша, биылғы 30 қарашада сағат 7:00-ден 2 желтоқсанда 06:00-ге дейін Бұқар жырау бульвары мен Байзақов көшесі қиылысының оңтүстік бөлігінде, сондай-ақ Бұқар жырау бульвары бойында Байзақов көшесінен Есентай өзеніне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.
"Аталған аумақта газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жароков көшесінен Бұқар жырау бульвары бойымен Есентай өзеніне дейінгі орта қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы – 1766,9 м", - делінген хабарламада.
Қолданыс кезінде оқшаулағыш жабынның зақымдалғаны, сондай-ақ құбырдың 4 коррозиялық зақымдалғаны анықталды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда 2030 жылға дейін тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасы қабылданды