Ескі тұрғын үй иелері үшін өтемақының үш нұсқасы қарастырылған
Алматы қаласының мәслихаты «Алматы қаласының тұрғын үйлерін 2030 жылға дейін реновациялау бағдарламасын» қабылдады. Бағдарлама мақсаты – қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту, қалалық ортаны жаңарту және апатты тұрғын үй қорының ұлғаюына жол бермеу, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бағдарлама әкімшісі болып «Алматы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (ӘКК), ал Уәкілетті ұйым болып «Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС (КҚК) тағайындалды.
Бағдарлама 1930-1980 жылдар аралығында салынған екі қабатқа дейінгі тозығы жеткен көппәтерлі үйлерді, сондай-ақ аумақ пен инфрақұрылымды жаңартуды талап ететін жеке тұрғын үйлерді, өнеркәсіптік, коммерциялық және өзге де объектілерді қамтиды. Оны іске асыру Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес, құрылыс салудың тығыздығын, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін, сондай-ақ қауіпсіздік пен эстетиканың заманауи талаптарын ескере отырып, тұрғын аумақтарды дамытуды көздейтін болады.
Жаңа бағдарламаның басты ерекшеліктерінің бірі тұрғын үй иелерінің құқықтарын қорғау тетіктерін енгізу және тұрғындармен әрі жұртшылықпен өзара іс-қимылды жақсарту болды.
Реновация бағдарламасы объектілерінің тізімі үш санатқа бөлінген:
1. Инвестициялық тартымсыз (1-санат):
2. Инвестициялық тартымсыз (2-санат):
Қала үшін басым тұрғын, әлеуметтік және коммерциялық ғимараттар салуға арналған объектілер.
3. Инвестициялық тартымды (3-санат):
Ескі тұрғын үй иелері үшін өтемақының үш нұсқасы қарастырылған:
Ғимараттарды көшіру және бұзу барлық меншік иелерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін бірінші қабаттарға немесе лифттермен, пандустармен және кедергісіз кірумен жабдықталған үйлерге көшу шарттары көзделген. Мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тектоникалық ақауларда орналасқан қаңқалы-қамысты үйлер мен ғимараттарды бұзуға баса назар аударылады.
2030 жылға дейін кем дегенде 676 ескі үйді жаңарту жоспарлануда, бұл 7500-ге жуық меншік иесін заманауи абаттандырылған пәтерлерге көшіруге мүмкіндік береді.
Бағдарлама аясында сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардан бастап уәкілетті мемлекеттік ведомстволарға дейінгі барлық реновацияға қатысушылардың өзара іс – қимылын үйлестіретін Реновация офисі (жобалау тобы) құрылды.
Реновация бағдарламасы - Алматы қаласын жайлы, тұрақты және инновациялық мегаполиске айналдыруға бағытталған стратегиялық даму жоспарының негізгі элементтерінің бірі. Бұл бағдарламаны табысты іске асыру сапалы қалалық ортаны қалыптастыруды, қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуды және инвесторларды тарту үшін қолайлы климат құруды қамтамасыз етеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда электр желілерін дамыту жоспары әзірленді