«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының негізгі бағыттарын таныстырды
Алматының коммуналдық және энергетикалық жүйелерін жаңғыртуға миллиардтаған инвестиция тартылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін сала мамандары 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының негізгі бағыттарын таныстырды. Бастама инфрақұрылымды жаңартып ғана қоймай тарифтік жүктемені азайтуды мақсат етеді. Кездесу барысында Қазақстанның Даму банкі мен халықаралық қаржы институттары бірлесіп, 20 жылдық жеңілдетілген несиелер беру бағдарламасын әзірлеп жатыр.
«Жаңғырту бойынша ұлттық жоба қабылданды. Мақсаты – желілердің тозуын азайту. Желілердің тозу деңгейі орташа есеппен 60 пайыз болса, 2029 жылы 40 пайыз азайтуды мақсат тұтып отырмыз», – деді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев.
Оқи отырыңыз: Рұқсатсыз салынған үйлер: Алматы әкімдігі баспана аларда сақ болуға шақырды