Алматының Түрксіб ауданында 247 шақырымнан астам желі салынды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл жұмыс Шуақты, Әлмерек, Төменгі Бесжылдық, Қайрат шағынауданы мен біраз көшені қамтыды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Бақытжан Ақжаров биыл Түрксіб ауданында 247 шақырымнан асатын инженерлік желі салынғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл біткен үлкен құрылыстар:
•    180,9 шақырым су құбыры,
•    66,6 шақырым кәріз желісі.

Бұл жұмыс Шуақты, Әлмерек, Төменгі Бесжылдық, Қайрат шағынауданы мен біраз көшені қамтыды.
Жыл соңына дейін Маяк шағынауданында инженерлік желілердің құрылысы толық аяқталады, оның ішінде:
•    11,5 шақырым су құбыры,
•    22,5 шақырым кәріз желісі,
•    Төменгі Бесжылдықта 1 КНС құрылысы бар.

2026 жылы Ақан Сері – Сейфуллин – Шолохов көшесіндегі жұмыс бітіп:
•    18,8 шақырым су құбыры,
•    27,9 шақырым кәріз желісі салынады.

Келер жылы Рысқұлов – Жансүгіров – Шолохов – Сейфуллин көшесінің аумағында орталық коммуникацияның құрылысы басталады. Сонымен қатар Нұршашқан және Қайрат шағынауданындағы қамтылмаған аумақтарға инженерлік желілер салуды көздейтін жобалар әзірленіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтады

Новости партнеров