Архитектура және эстетика: Сарапшылар мегаполистің сәулет өнері мен даму бағытын бағалады

19.09.2026 21:31

Алматы – табиғаты мен тарихы, сәулеті мен мәдениеті үндескен шаһар. Қазақстанның мәдени астанасы саналатын мегаполистің дамуы өнерге де серпін беріп келеді. Сала мамандарының сөзінше, мұндай бастамалар туған қаланың көркем келбетін қалыптастыруға және өнердің дамуына жол ашады,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ шаһардың мәдени өмірінде музейлер мен театрлардың, концерт залдары мен көрме алаңдарының орны ерекше. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына рухани демалып, өнер арқылы жаңа дүниелерді тануға мүмкіндік бермек. Сала мамандары Алматының туған күніне орай халықты айтулы мерекемен құттықтап, шаһардың одан әрі көркейіп, мәдени әлеуетінің арта түсуіне тілектестік білдірді.

«Көзге көрінер өзгерістер болып жатыр, қаламыз көркейіп жатыр. Алматы қаласының тұрғыны ретінде өте қуантады, алғысымды білдіргім келеді. Қаламызда өнер иелері, суретшілерге өнерін көрсетуге мүмкіндік жасалып жатыр. «Ажарлы Алматы» конкурсының нәтижелері шықты», – деді ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тұрғын Абдурахман.

«Алматыда дүниеге келіп, қалада білім алдым. Қазір академияда сабақ беремін. Өнер әлемі шексіз. Ол – сұлулық, қуаныш. Сондықтан баршаңызға музыка, театр мен бейнелеу өнері әрдайым өміріңіздің бір бөлігі болсын деп тілеймін. Алматының туған күні құтты болсын!» – деді Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы кафедрасының профессоры Ольга Батурина.

Оқи отырыңыз: Бекжан Тұрыс: Алматы – тау тұлғаларды тәрбиелеген рухы биік мекен

Толық көрсету