Алматының Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңке жаңа орынға көшірілді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңке жаңғырту жұмыстарына байланысты жаңа орынға ауыстырылды. Бұл туралы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұған дейін жәрмеңке Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан болатын. Қазіргі уақытта ол Рысқұлбеков көшесінде, Щепкин көшесі аралығында, ҚазБСҚА университетіне қарсы (автотұрақ аумағында) өткізіліп жатыр.

Бостандық ауданында да жаңғырту жұмыстары жоспарланғанымен, жәрмеңке әзірге бұрынғы орнында — «Қазақфильм» шағын ауданында жұмысын жалғастыруда. Көшіру мүмкіндігі туралы қосымша хабарланады.

Медеу ауданындағы (Меңдіқұлов және Бектұров көшелері) және Алмалы ауданындағы (Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы) жәрмеңкелер бұрынғыдай жұмыс істеп тұр.

Жәрмеңкелерде 300-ден астам отандық өндіруші мен фермерлік шаруашылықтардың 1000-нан астам түрлі өнімі ұсынылған. Олардың қатарында ет және сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, бал және басқа да тауарлар бар.

Жәрмеңкелер әр апта сайын сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі. Өнімдер тікелей жеткізілім есебінен нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылады.

Сауда алаңдарын жаңғырту жұмыстары қолайлы сауда ортасын қалыптастыруға бағытталған. Бұл аясында павильондар, санитарлық инфрақұрылым, автотұрақ аймақтары жасақталып, маңайы көркейтіледі.

Жұмыстардың аяқталуы туралы қосымша хабарланады.

Оқи отырыңыз:  Алматыда жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тетіктері ұсынылды

Новости партнеров