Алматыда Сәтбаев көшесі бойындағы кәрі ағаштардың орнына ірі көшеттер отырғызылады

Ағаштар қурап,  діңі шіріп кеткені анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғылыми қызметкерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен көшпелі кеңес барысында қылқан жапырақты ағаштардың жағдайы бағаланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарапшылар Сәтбаев көшесіндегі автотұрақ маңындағы ескі шыршалардың жағдайына қатты алаңдаушылық білдірді. Ағаштардан қураған инелер мен діңнің шіру белгілері анықталды. 

Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Нұржан Мұхамадиевтің айтуынша, тексеру барысында кей шыршалардың инелері қурап, түсі ағарып кеткені байқалған.

"Шыршалар 60-70 жылдық, диаметрі 30 см-ден асады. Инелерде анық емес дақтар, күннің әсерінен күйген белгілер бар. Тамыр маңындағы қоректену аумағы азайған. Сондай-ақ, қабығында механикалық зақымданулар, шайыр ағып шығу белгілері және улы газдардың әсері байқалады. Ылғалды камерада және қоректік ортада жүргізілген тәжірибелер кезінде Альтернария (Alternaria) және Мукор (Mucor) тұқымдас саңырауқұлақтардың болуы анықталды. Алайда зиянды патогенді ағзалар табылған жоқ. Бұл діңінің ішкі шірігі мен ағаштардың сарғайып кетуіне байланысты. Санитарлық жағдай бойынша бұл ағаштар әлсіз деп бағаланды (КСО-3). Декоративтік қасиетін жоғалтқандықтан, оларды төзімді қылқан жапырақты ағаш түрлеріне ауыстыру ұсынылады", – деді Мұхамадиев.

"ЭкоАлматы" ЖШС-нің бөлім басшысы Болат Әмірғалиев резистограф арқылы жүргізілген зерттеулер ағаштардың құрып бара жатқанын, зиянкестер мен аурулардың кең тарағанын көрсеткенін атап өтті.

«Сквердегі кейбір шыршалар толықтай қурап қалған, бірінші кезекте соларды кесу керек», – деді ол.

"Жасыл комиссия" мүшесі Омар Нұрхайдаровтың айтуынша, ағаштардың автотұраққа жақын орналасуы олардың құлап, көлікке және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндіретінін көрсеткен. Осыған байланысты сарапшылар ықтимал қауіп-қатердің алдын алу үшін ескі ағаштарды кесуді ұсынды.

Көшпелі кеңес нәтижесінде ескі ағаштардың орныа ірі көшеттер отырғызу туралы шешім қабылданды. Ірі көшеттер – бұл биіктігі 4 метрден асатын, тамыр жүйесі жақсы дамыған, діңі мен ұшар басы бар, Алматы қаласының климаттық жағдайына бейімделген жергілікті тәлімбақтарда өсірілген ағаштар.

Оқи отырыңыз: Алматы тауларында алғаш рет бұлақтарды абаттандыру жұмысы аяқталды

Новости партнеров