Енді мемлекет пен халықтың ақшасы тек шынайы көрсетілген медициналық қызметке жұмсалады
Елімізде 1 шілдеден бастап медициналық көмекті төлеудің бірыңғай жүйесі іске қосылады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл жаңашылдық медициналық қызмет сапасын жақсартуға және бюджет ақшасын тиімді пайдалануға көмектеседі деп отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Енді мемлекет пен халықтың да ақшасы тек шынайы көрсетілген медициналық қызметке жұмсалады. Яғни, емханалар мен ауруханалар бұрынғыдай науқасқа «қағаз жүзінде» ем-дом жүргізе алмайды. Сонымен қатар бірыңғай жүйе Міндетті әлеуметтік медициналық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтады деді министр.
«Бұл жүйе емханалардағы қолдан жасалған көрсеткіштерді жояды және медициналық қызметтердің сапасын бірнеше есе арттырады. Сондықтан бұл, ең алдымен, медициналық ұйымдардың тәртібін күшейтеді. Осы арқылы халықтың қаражаты мен мемлекеттік бюджет есебінен көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сондықтан бұл мәселе біздің тұрақты бақылауымызда болады», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Оқи отырыңыз: Атасы мен немересінің суға батып кетуі: Ақтөбедегі оқиғаға не себеп болуы мүмкін