Алматыда Құрылтай сайлауында дауыс беру жалғасып жатыр. Таңертеңнен бері ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген белгілі спортшылар да өз таңдауын жасауда. Бостандық ауданындағы сайлау учаскелерінің біріне Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, спорттық гимнастикадан Азияның үш дүркін чемпионы Нариман Құрбанов келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Спортшының айтуынша, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласу – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі
«Болашағымыз үшін дауыс беріп жатырмыз. Спортшылар көп уақытын шетелде өткізеді. Халықаралық жарыстарда төбе көрсетеді, десек те елдің болашағы әрқайсымыз қабылдайтын шешімнен қалыптасатынын айтқым келеді», – деді Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов.
Оқи отырыңыз: Аспаннан сайлау учаскесіне: парапланшы Искендер Джунусов ерекше әдіспен дауыс берді