Алматы онкологиялық орталығында Ашық есік күні аясында 100-ден астам тексеру жүргізілді

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы онкологиялық орталығында меланома, тері обыры және қалқанша безі ауруларының алдын алу мен ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шара аясында 179 адам дәрігер-онкологтар кеңес берді. Сонымен қатар бірқатар науқасқа қалқанша безі мен жұмсақ тіндердің ультрадыбыстық зерттеуі жүргізілді.

«Тексеру қорытындысы бойынша бес науқастан тері обырына күдік анықталды. Қазіргі уақытта олар диагнозды нақтылау және әрі қарай емдеу тактикасын айқындау үшін қосымша тексеруден өтіп жатыр», – деді Алматы онкологиялық орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Ақбота Әділова.

Мамандардың айтуынша, онкологиялық ауруларды ерте анықтау – емнің тиімді болуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі. Скринингтік бағдарламалар мен диагностикалық көмектің қолжетімділігін арттырудың арқасында Алматыда қатерлі ісіктерді ерте анықтау көрсеткіші жақсарып келеді.

2026 жылдың алғашқы төрт айында Алматыда алғаш рет онкологиялық диагноз қойылған 1962 науқас тіркелген. Дәрігерлер мұны халықтың профилактикалық тексерулерге жиі қатысуымен және диагностика сапасының артуымен байланыстырады. 

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мұндай алдын алу шаралары тұрғындардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, онкологиялық ауруларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық артист Даяна Жетпісова XII Халықаралық «Цирк ханшайымы» фестивалінде Күміс тәж иегері атанды

Новости партнеров