«Талдау мектебі. Алматы» жобасына өтінім қабылдаудың аяқталуына 10 күн қалды

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Талдау мектебі. Алматы» жобасына өтінім қабылдаудың аяқталуына небәрі 10 күн қалды. Қазіргі таңда жобаға қатысуға 32 адам өтінім берген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жобаны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен жүзеге асырып отыр. Мақсат – мегаполистің орнықты дамуына бағытталған шешімдер әзірлей алатын кәсіби сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру. Бұл қалалық ортаның сапасын арттырудан бастап, болашақ экономикасын дамыту, мәдени стратегияны жетілдіру және қаланың халықаралық брендингін дамытуға дейінгі бағыттарды қамтиды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Талдау мектебі. Алматы» — мемлекеттік басқару жүйесіне аналитикалық мәдениет пен data-driven тәсілдерді енгізуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір парасы. Оқу бағдарламасы 2026 жылы 16 мамыр мен 20 маусым аралығында офлайн форматта өтеді.

Оқу барысында қатысушылар алдында мемлекет қайраткерлері, халықаралық ұйым өкілдері және Қазақстанның жетекші сарапшылары дәріс оқиды. Жобаға жоғары білімді, кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар, 40 жасқа дейінгі және талдау, стратегиялық ойлау, data-driven тәсілдер бағытында кәсіби қабілетін жетілдіруге ынталы жас мамандар шақырылады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: жоғары білім, кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, урбанистика, экология, туризм, цифрлық экономика, креативті индустрия және өзге де салалардың бірінде кәсіби құзыреттілік, сондай-ақ бағдарламаға толықтай офлайн форматта қатысуға дайын болу.

Бағдарлама аясында қатысушылар деректерді жинау мен талдаудың қолданбалы әдістерін меңгеріп, қаланы дамытуға қатысты нақты кейстермен жұмыс істейді, практикалық ұсыныстар әзірлеп, үздік шешімдерді Алматы қаласының әкіміне ұсыну мүмкіндігіне ие болады.

Іріктеу нәтижесінде барлығы 60 қатысушы анықталады. Өтінім 2026 жылы 26 сәуірге дейін қабылданады. Қатысу үшін www.jastaralmaty.kz сайтында өтінім толтырып, түйіндеме, мотивациялық және ұсыным хаттарды тіркеу қажет.

Оқи отырыңыз:Алматы әкімі коммуналдық жәрмеңкелерді дамыту мәселеcіне арналған кеңес өткізді

Новости партнеров