Досхан Жолжақсынов пен Қаракөз Сүлейменова азаматтық таңдауын жасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның халық әртісі, актер әрі режиссер Досхан Жолжақсынов Құрылтай сайлауында азаматтық таңдауын жасады. Өнер иесі жұбайы Қаракөз Сүлейменовамен бірге №622 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ол саяси маңызды мәселелерге бейжай қарамай, сайлауға қатысу әр азаматтың қоғамдық жауапкершілігін көрсететінін атап өтті.

«Құрылтай – ұлттығымыздың айдары мен айбарындай. Бағыт бағдарындай. Халқымыздың келешегі айнымаса екен дейсің, келешек ұрпақтың жолдары ашық болғай», – деді Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов.

 «Ар жағында тарихи ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлы түсінік бар. Халық кеңесі құрылғалы жатыр. Бұл – баяғы ақсақал кеңесі деген сияқты дүние. Қазақ – қашан да сөзге құлақ асқан, тоқтаған халық», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қаракөз Сүлейменова.

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауы: Алматыда 170 инватакси жұмыс істейді