«Eco Almaty» экология және ауа сапасы туралы танымдық бейнероликтер топтамасын ұсынды

21.09.2026 14:06
пресс-служба акима Алматы

«Eco Almaty» ЖШС Алматының атмосфералық ауасын қорғау қағидалары туралы ақпараттық науқан аясында экология тақырыбындағы қысқа танымдық бейнероликтер топтамасын шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейнероликтерде ауа сапасына әсер ететін негізгі факторлар, ластану көздері, экологиялық талаптар, қалдықтарды дұрыс басқару және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтудың қарапайым жолдары туралы түсінікті тілмен баяндалады.

Топтамада шығарындылары төмен аймақ (LEZ), автокөліктерден бөлінетін шығарындылар және атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған басқа да шаралар туралы жеке бейнероликтер бар. Оларды мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады: https://disk.yandex.ru/d/HfnveZ5tn9RgCA

Оқи отырыңыз: Жас маманға қолдау: Алматыдағы мектепте әдістемелік семинар өтті

Толық көрсету
Теги: экология