«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Кадр из видео
Кадр из видео
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Канье Уэсттің концертіне келген көрермендердің бірі Жандос Жолдас Алматыда әлемдік деңгейдегі әртістің өнер көрсетуін маңызды оқиға деп бағалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай ауқымды музыкалық шаралар қаланың туризм саласының дамуына оң әсер етеді.

«Осындай әлемдік жұлдыздың біздің қалаға келгеніне қатты қуаныштымыз. Бұл Алматының туризмін жан-жақты дамытуға ықпал етеді», – деді Жандос Жолдас.

Көрермен концертті ұйымдастыруға атсалысқан қала әкімдігіне де алғысын білдіріп, Алматының халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шараларды қабылдау бағытында дами беретініне сенім білдірді.

«Әлемдік аренада көріне берейік», – деп көрермен оң пікірімен бөлісті. 

Жандос Жолдас қазақстандық көрермен енді әлемдік жұлдыздың шоуын өз көзімен тамашалауға мүмкіндік алып отырғанын айтты.

«Канье Уэсттің концерттері қалай өтетінін әлеуметтік желілерден білеміз. Дәл солай Қазақстанда өз көзімізбен көреміз деп үміттенеміз», – деді ол.

Оқи отырыңыз: Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйерлерінің көңіл күйі қандай