JasREPUBLIC CUP: алматылық дебатерлар ұлттық турнирде жүлдегер атанды

21.10.2024 17:48

Қатысушылар Парламент Мәжілісінің ғимаратына барып,  халық қалаулыларына сұрақтар қойды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматылық оқушылар Астанадағы пікірсайыс турнирінде екінші орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

№ 51 Алматы мектеп-гимназиясының «Әділет» командасы JasREPUBLIC CUP ұлттық пікірсайыс турнирінде екінші орынға ие болды. Команда құрамына Ажар Сейітова, Мәди Ғылымхан және Анна Слепичева кірді.

Турнир Астанада өтіп, Республика күніне орайластырылды. 

Жарысқа өңірлік іріктеу турнирлерінде жеңіске жеткен 40 фракция (команда) құрамында еліміздің үздік 120 дебатеры қатысты.

Жас спикерлер ұлттық компанияларды жекешелендіру, сот процестерін тікелей эфирде көрсету қажеттілігі туралы, сондай-ақ бұқаралық спорттың орнына олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың басымдығы туралы талқылады және  пікір таластырды.

Сонымен қатар, олар Қарулы Күштердің жеке құрамын жаңа жасақтау және қазақстандықтарды үнемдеуге қалай үйрету жөнінде ұсыныстар енгізді. Олар сондай-ақ ұлттық идеяның нұсқаларын ұсынды.

Аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар Парламент Мәжілісінің ғимаратына барып, жоғары заң шығарушы органның жұмысымен танысып, халық қалаулыларына сұрақтар қойды.

Оқи отырыңыз: Алматыда кафеге қосымша салынған нысан бұзылды