Қала күніне орай Алматы музейлерінде «Ашық есік күні» акциясы өтеді
Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қаланың музейлеріне тегін бара алады
20 қыркүйекте Қала күніне орай Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты музейлерде «Ашық есік күні» акциясы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қаланың музейлеріне тегін барып, музей экспозицияларымен таныса алады.
Акция аясында келушілер Алматының мыңжылдық тарихына қатысты жәдігерлерді, қазақ және әлем халықтарының музыкалық аспаптарын, сондай-ақ көрнекті тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына арналған экспозицияларды тамашалай алады.
Алматы музейі (Қабанбай батыр, 132) мен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі (Зенков, 24а) сағат 10:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал Д.А. Қонаев музейі (Төлебаев көшесі, 117), Д.А. Қонаевтың мемориалды пәтер-музейі (Төлебаев көшесі, 119), А. Байтұрсынұлы музей-үйі (Байтұрсынов көшесі, 60), Н. Тілендиевтің мемориалды музейі (Қонаев көшесі, 96), С. Мұқановтың әдеби-мемориалдық музейі (Төлебаев көшесі, 125), Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музейі (Төлебаев көшесі, 130) және Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығы (Нұркент ықшам ауданы, 5/11) сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін келушілерді қабылдайды.
«Ашық есік күні» қала тұрғындары мен қонақтарына Алматының тарихы мен мәдениетін әр қырынан танып, музейлердің тұрақты экспозицияларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: «Қазақфильм» шағынауданында жаңартылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды