Қазақ мемлекеттік циркінде Республика күніне орай қайырымдылық концерті өтеді
Концертте қазақ эстрада жұлдыздары мен Қазақ мемлекеттік циркінің артистері бір сахнада өнер көрсетеді
23 қазанда Қазақ мемлекеттік циркінде Республика күніне арналған мерекелік қайырымдылық концерті өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сағат 16:00-де басталатын концертте қазақ эстрада жұлдыздары мен Қазақ мемлекеттік циркінің артистері бір сахнада өнер көрсетеді.
Концерттік бағдарламаға Айжан Нұрмағамбетова, Хулан Ару, Ерболат Ержанбаев, «Руханият серілері» және басқа да өнерпаздар қатысады. Көрермендерді мерекелік көңіл күй мен бірлік рухына толы музыкалық қойылымдар мен цирк өнерінің ерекше үйлесімі күтеді.
Іс-шараның басты мақсаты – еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірін атап өту, ұлттық өнерді қолдау және қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу.
- Өтетін орны: Қазақ мемлекеттік циркі, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 50.
- Күні: 23 қазан
- Басталуы: сағат 16:00
- Іс-шара форматы: қайырымдылық концерті
- Байланыс телефоны: +7 708 814 5082
Оқи отырыңыз: Декларациядан тәуелсіздікке дейін: Алматыда Қазақстанның тарихи даму жолы талқыланды