"Қайрат"-"Реал: өнер мен мәдениет өкілдері тарихи матч алдында үндеу жасады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл матч тек спорттық жарыс емес, ел намысы сыналатын үлкен дода болмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін — қазақстандық футбол жанкүйерлерін үлкен мереке. "Қайрат" футбол клубы мадридтік "Реал Мадридпен" шешуші кездесуге дайындалып жатыр. Бұл матч тек спорттық жарыс емес, ел намысы сыналатын үлкен дода болмақ. Осынау маңызды сәтте Қазақстанның өнер, музыка, әдебиет және кино саласындағы жұлдыздары командаға ерекше қолдау білдіріп, қазақстандықтарға үндеу жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Марат Бисенғалиев: "Бұл — Қазақстанның имиджі"

Әлемге әйгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев "Қайрат" футболшысы Дастан Сәтпаев сыйлаған добын көрсетіп, командаға сәттілік тіледі. 

"Футболдың жанкүйерлері, бүгін - Алматы үшін керемет мереке. Мен сүйікті командам "Қайрат" пен "Реал" кездеспек. Бүгін стадионға келетіндер Алматының атын әлемге паш етпек. Қонақтарға мәдениетімізді, қонақжайлығымыз бен рухымызды көрсететін сәт келді. Әрқайсыңыз футбол мерекесі керемет өтуіне атсалысасыздар деген ниеттемін. "Қайратқа" сәттілік тілеймін", - деді ол. 

Бақыт Тушаев: "Жастарға шабыт беретін сәт"

Белгілі актер, шоумен Бақыт Тушаев жас буынға үндеу жасады.

"Біздің текті ұлт екенімізді, әрнәрсеге сабырлықпен қарайтынымызды көрсететін уақыт келді. Салқын қандық керек. Қатты дарақыланып кетпейік", - деді ол. 

Асхат Тарғын: "Жүрегіміз сендермен"

Әнші Асхат Тарғын жанкүйерлердің сезімін жеткізді. 

"Алматы үлкен тарихи сәттің куәсі болмақ. Себебі біздің "Қайрат" командасы әлемнің ең даңқты клубтарының бірі "Реалға" қарсы алаңға шығады. Бұл миллиондаған жанкүйер тамашалайтын, тарих бетіне алтын әріппен жазылатын кездесу. Бірақ біз үшін бұл ойын тек футболдың нәтижесімен ғана емес, еліміздің атын, қаламыздың мәртебесін танытуымен де маңызды. Өйткені ертеңгі матчқа әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді. Оларға біздің мәдениетімізді, қонақжайлығымызды, ұйымшылдығымызды көрсету – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Футбол – халықты біріктіретін күш. Ол – достық пен татулықтың, құрмет пен ынтымақтың белгісі. Сондықтан ойын кезінде әрқайсымыз тәртіпке мән беріп, тазалық сақтайық. Бұл – еліміздің беделіне қосқан үлкен үлес болады. Ал жанкүйерлікке келсек, әрбір қошемет, әрбір қолдау біздің "Қайрат" үшін қуат болады. Біз бірге сенсек, бірге қолдасақ – жеңіс те бізге жақын болады. Алға, "Қайрат"!" 

Ерболат Төлеген: "Тазалалық пен тәртіп сақтайық"

Актер Ерболат Төлеген жанкүйерлерді тазалық сақтауға шақырды.

"Баршаңызға сәттілік тілеймін. Барлық жанкүйерді тазалық пен тәртіп шақыруға шақырамын"

Қазырет Бердіхан: "Ақын жүрекпен қолдау"

Жас ақын Қазырет Бердіхан шабытты өлең жолдарымен ой бөлісті:

"Алыс-жуықтан футбол тойына келген қонақтарға қонақжай халқымыздың меймандостығын, бейбіт еліміздің биік мәртемесін, сүйікті қаламыздың мәдениетін таныта білу сіз бен біздің қолымызда тұр.
Баршаңызды ойынды бірге тамашалауға және тәртіп пен тазалыққа да бірдей атсалысуға шақырамын! "

Шұғайып Сезімхан: "Жанкүйер үні – жеңіс үні"

Ақын Шұғайып Сезімхан:

"Бүгін Алматы футбол жұлдыздарының орталығына айналмақ. Биік мәдениетімізді көрсетейік. Біз сенеміз, "Қайрат"!

Бақдаулет Оразбек: "Актерлік сахна да, футбол алаңы да – намыс"

Актер Бақдаулет Оразбек:

"Алматылықтар, қазақстандықтар, отандық команданы қолдайық. Тазалықты сақтайық! "Қайратты" қолдайық! Тарихтың жазылуына себепші болайық!"

Рүстем Нұрлыбайұлы (Ulutay тобы): "Музыка мен футбол үндеседі"

Ulutay тобының мүшесі Рүстем Нұрлыбайұлы:

"Бұйыртса, бүгін әсем қаламыз Алматы футбол мейрамының орталығына айналады. Сүйікті командамыз "Қайрат" пен "Реал" арасындағы бұл кездесу қалай да тарихи матч болып қалары сөзсіз. Бұл оқиға тек ойынның есебімен ғана есте қалмайды. Жарысқа келгендер де еліміз бен аяулы Алматымыздың ат-атағын әлемдегі миллиондаған жанкүйерлерге таратады"

Тимур Пиязов: "Бұл матч – аңыз"

Актер Тимур Пиязов:

"Баршаңызды ойынды бірге тамашалауға және тәртіп пен тазалыққа да бірдей атсалысуға шақырамын! Футбол мерекесінің ойдағыдай өтуіне сіздер де өз үлестеріңізді қосасыздар деп сенемін! Отандастарымызға жеңіс тілеймін!"

Әділет Ахмет: "Өлеңім – сіздерге тілек"

Ақын Әділет Ахмет:

"Ғасырдан ұзақ тарихы бар "Реал" Алматыға келді. Біздің мықты "Қайрат" оларға қарсы тұрмақ! Алыстан келгендерге мәдениет танытайық!" 

Хасен Толғанай: "Қонақтарымызға әдеттегідей үлгі-өнегемізді көрсетуден танбайық"

Мультиинструменталист Хасен Толғанай:

"Қонақ аз отырып, көп сынайды дегенді ұмытпайық.
Әлемінің түкпір - түкпірінен келген жанкүйерлер мен
қонақтарымызға әдеттегідей үлгі-өнегемізді көрсетуден танбайық. Алыс-жуықтан футбол тойына келген қонақтарға қонақжай халқымыздың меймандостығын, бейбіт еліміздің биік мәртемесін, сүйікті қаламыздың мәдениетін таныта білу сіз бен біздің қолымызда тұр. Баршаңызды ойынды бірге тамашалауға және тәртіп пен тазалыққа да бірдей атсалысуға шақырамын! Футбол мерекесінің ойдағыдай өтуіне сіздер де өз үлестеріңізді қосасыздар деп сенемін! Отандастарымызға жеңіс тілеймін!"

Жонглер Щадко Дима тазалық туралы ескертті. 

"Бүгін - қаламыз бен еліміз үшін тарихи сәт! Бірақ тазалық туралы ұмытпайық!"

Бағлан Әбдірайымов: "Алға, Қайрат!"

Әнші Бағлан Әбдірайымов:

"Бұл-тарих! "Реалға" қош келдіңіздер деймін! АЛ, өзіміздің "Қайратқа" жеңіс тілеймін! Жеңілсе де, "Реалмен" ойнағаны мен үшін тарих!"

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" футбол клубы мен "Реал Мадрид" арасындағы көптен күткен кездесу сағат 21:45-те басталады.

Оқи отырыңыз: "Реал" қанша ақша жұмсайды: мадридтік клуб қонақ үйді тұтас жалға алды

Новости партнеров