Келешек мектептері: Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғырып жатыр

Ауданда 48 мектепте 39 мыңнан астам бала білім алып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алмалы ауданында жаңа мектептер салынып, балабақшалар бой көтеріп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Арман Шамшин өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спикердің сөзінше, Алмалыдағы 48 мектепте 39 мыңнан астам бала білім алып жатыр. Биыл ауданда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында оқу ошағы салынды, сондай-ақ, бірқатар білім мекемесінде қосымша ғимарат тұрғызу, сейсмикалық күшейту ісі қолға алынған. Одан бөлек, балабақшаларды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Сонымен қатар әкім ауданда тәулігіне 500 адам қабылдайтын жаңа емхана мен оңалту орталықтары салынатынын айтты.

«Әйтеке би мен Масанчи көшелерінің қиылысында орналасқан тәулігіне 500 адам қабылдайтын емхана құрылысына мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары қарашада басталады, 2026 жылдың 4-тоқсанында аяқталады», – деді Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин.

Алмалыда ондаған шақырым желі мен жол салынып, заманауи жарықтандыру жүйесі орнатылыпты. Аудан әкімінің дерегінше, қазір жылу желілерінің тозу деңгейі 62 пайыздан асады, ауыз су жүйелері – шамамен 73 процентке, кәріз желілері – 80 пайызға жуық, ал электр 81 процентке ескірген. Осыған байланысты кешенді жаңғырту бағдарламасы жүзеге асып жатыр.

«Он ай ішінде ұзындығы 5,8 шақырым болатын 11 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның үшеуі – магистралдық, сегізі – аудандық маңызы бар көшелер. Сондай-ақ Желтоқсан және Райымбек даңғылдары бойында BRT жүйесін енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ аудандағы 110 көшеге шам орнатылған. Жалпы 3 750 жаңа шам іске қосылып, 48,5 шақырым кабель желісі тартылды», – деді Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин.

Оқи отырыңыз: Алмалы ауданында жаңа саябақтар ашылып, көшелер көгалданып жатыр

Новости партнеров