Халықаралық Fitch Ratings агенттігі Алматының инвестициялық тартымдылығын растады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Өсу бизнестің және инвестициялық белсенділіктің артуымен қатар жүрді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылы 6 желтоқсанда Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Алматы қаласының кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты». Бұл ретте, Алматы қаласының тәуелсіз кредиттік рейтингі «BBB+» деңгейінде расталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының жоғары тәуелсіз кредиттік рейтингі экономиканың динамикалық дамуы, жергілікті бюджеттің едәуір өсуі және бюджеттің төмен қарыз жүктемесімен негізделген, бұл «AAA» санатына сәйкес келеді.

2024 жылдың 10 айында қаланың қысқамерзімді экономикалық көрсеткіші 5,2%-ға дейін жеделдеді. Өсу бизнестің және инвестициялық белсенділіктің артуымен қатар жүрді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 8,2%-ға өсіп, 1,3 триллион теңгеге жетті. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің кірісі 21,2%-ға артып, 1 753 миллиард теңге болды.

«BBB+» деңгейіндегі тәуелсіз кредиттік рейтинг Алматы қаласының әкімдігіне ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және дамыту үшін жасыл облигациялар шығаруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: «Наурыз» бағдарламасының шарттары өзгереді

Новости партнеров