«Мифтермен өмір сүргенді доғару керек»: Almaty Superski бойынша өткен тыңдауда жобаға қолдау білдіріліп, тауларды дамытуға шақыру жасалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Almaty Superski жобасы бойынша өткен қоғамдық тыңдауда қоғам қайраткері Мұхтар Тайжанның сөзі залдағылардың ерекше қолдауына ие болды — қатысушылар бірнеше рет шапалақ ұрып, ал жастар: «Біз жобаны қолдаймыз!» деп ұрандатты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Өз сөзінде спикер жобаны талқылау тым ұзақ уақыт бойы «мифтер мен қорқыныштар» шеңберінде қалып қойғанын, ал аумақтың өзі дамытуды қажет ететінін мәлімдеді.

«13 жыл өтті. Бұл неге әкеп соқтырды? Өлім жағдайлары, жарақаттар, қоқыс, тапталған соқпақтар, ластанған аумақтар», — деді ол. Сондай-ақ инфрақұрылымның жоқтығы табиғатқа түсетін салмақты арттырғанын атап өтті.

Ол жоба аясында тұрғын үй құрылысы қарастырылмағанында айтты:

«Ол жерде тұрғын үй кешендері (ТҮК) мен қоршаулар болмайды. Жер мемлекет меншігінде қалады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады».

Оқи отырыңыз: Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда жастар плакаттармен Almaty Superski жобасын қолдады

 

Новости партнеров