Көктөбе Опера – 2025: халықаралық фестивалді 5 мыңға жуық көрермен тамашалады

Көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлап, қошеметке бөленген әртістер барша алматылықтарды мерекемен құттықтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қала күніне орай «Көктөбе Опера – 2025» халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ашық аспан астында ұйымдастырылған іс-шараға 5 мыңға жуық көрермен қатысып, дәстүрлі музыка майталмандарының өнерін тамашалады. Сахнада сондай-ақ опералық қойылымдар қойылып, әлемдік классикалық туындылар орындалды. Көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлап, қошеметке бөленген әртістер барша алматылықтарды мерекемен құттықтады.

 «Шын жүректен алматылықтарды қала күнімен құттықтаймын! Алматы қаламыз өркендей берсін, жаңара берсін, жана берсін! Алматы қаласында ғана емес, Астанада, Қазақстанның түкпір-түкпірінде классикалық концерт көп болсын!», – деді  «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының әртісі Расул Жармағамбетов.

Ұйымдастырушылардың барша алматылықтар үшін арнайы сый дайындағанын да айта кетейік. Кеше сағат 16:00-ден бастап аспалы жол тегін жұмыс істеген. Ал концерттің шымылдығы сағат 18:00-де ашылып, сахна төрінде испандық тенор мен жапон балеринасы да өнер көрсетті.

 « Бүгін – алматылықтар үшін айтулы күн. Көктөбенің төрінде керемет кеш өтіп жатыр. Опералық концерттің еліміздің мәдени астанасында ұйымдастырылып жатқаны үлкен маңызға ие. Барша алматылықтардың осы іс-шараны асыға күткені байқалып тұр. Мереке құтты болсын!», – деді ҚР Мемлекеттік үрмелі оркестрінің әртісі Бақтияр Әбдірашев.

Оқи отырыңыз: Digital Fest Almaty: алматылықтарға роботтар қызмет көрсетіп жатыр

Новости партнеров