Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты заңсыз ғимарат бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмаған.
2025 жылы 8 мамырда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Сот шешімі орындалуы үшін Әділет департаментіне жолданған.
Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37