Мемлекеттік қызмет ардагері Роза Моданова арнайы төсбелгімен марапатталды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төсбелгісі табыс етілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 25 қазан – Республика күні қарсаңында Алматы қаласы әкімінің аппаратының ішкі аудит қызметінің бұрынғы басшысы Роза Хәкімқызы Моданова «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Роза Моданованың жалпы еңбек өтілі – 34 жыл 4 ай, оның ішінде 16 жыл 4 айы мемлекеттік қызметке тиесілі. 2024 жылы ақпан айында ол зейнет жасына жетіп, ішкі аудит жүйесін дамыту және әкімдік құрылымындағы кадр ісін жетілдірумен байланысты көп жылғы еңбек жолын аяқтады. 

Ведомстволық награданы табыстау рәсіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Еркеболат Нұржігітов, қала әкімі аппаратының басшысы Ерлан Исабеков және бірыңғай персоналды басқару қызметінің өкілдері қатысты.

Оқи отырыңыз: Республика күніне орай Алматыда скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды

Новости партнеров