Мұқағали Мақатаевқа арналған әскери поэзия челленджі ұйымдастырылды

10.02.2026 11:49

Іс-шара мұзбалақ ақынның 95 жылдығына орай өтті 

Almaty.tv

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған поэзия челленджіне барлық әскери гарнизондар белсенді қатысып, ақын шығармашылығын ұлықтады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қатардағы жауынгерден генералға дейін, “Жас сарбаз” патриоттарынан әскери оқу орындарының курсанттарына дейін Мұқағали жырларын жарыса оқыды.

Мұзбалақ ақынның туған күнінде жыр эстафесін Қорғаныс министрлігі Оталық әскери ансамблі ерлер хорының орындауындағы “Отан” өлеңімен қорытындылайды.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2026 жылы 1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады