Алматының Әуезов ауданында сауда көлемі бірінші тоқсанда 20%-ға артты

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Алматыдағы Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте таныстырылды. Аудан әкімі Абзал Егембердиевтің айтуынша, аудан экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аудан бойынша ішкі сауда көлемі 20,2%-ға ұлғайып, 421,9 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде көтерме сауда — 223,2 млрд теңге, бөлшек сауда — 198,6 млрд теңге.

Өсімге ірі компаниялардың белсенді жұмысы мен цифрлық сервистердің дамуы оң әсер етті.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2%-ға артып, 57 787 бірлікке жетті.

Бюджетке түскен салық түсімі 87 млрд теңге болды.

«Негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім байқалады. Кәсіпкерлік пен сауданың дамуы аудан экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қала береді», — деді Абзал Егембердиев.

Сонымен қатар, ауданда экономикалық әлеуетті кеңейту және бизнесті қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.

Оқи отырыңыз: Алматының Әуезов ауданында 40 шақырымнан астам инженерлік желі жаңғыртылып, көше жарығы жаңартылады

Новости партнеров