Бұл қаланы халықаралық нарықта таныстыру жұмысының тиімділігін және шетелдік аудиторияның жоғары қызығушылығын көрсетеді
Алматы қаласы Азиядағы ең ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі OTM Mumbai 2026 көрмесіне қатысты. Көрмеде туроператорлар, әуе тасымалдаушылар, қонақ үй брендтері мен ұлттық туристік кеңселерді қамтыған әлемдік туристік саланың негізгі өкілдері бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көрме барысында Алматының туристік әлеуеті заманауи дизайн мен ұлттық нақышты ұштастырған стенд арқылы таныстырылды. Экспозицияда қазақтың дәстүрлі мәдени элементтері, ұлттық ою-өрнектер және заманауи мультимедиялық шешімдер үйлесім тапты.
Көрме қорытындысы бойынша Алматы стенді «Қалалық туризмді үздік таныстырғаны үшін» марапатына ие болды. Бұл қаланы халықаралық нарықта таныстыру жұмысының тиімділігін және шетелдік аудиторияның жоғары қызығушылығын көрсетті.
OTM Mumbai 2026 аясында Алматы делегациясы жетекші туроператорлармен, әуе компаниялармен және халықаралық қонақүй желілерімен 100-ден астам B2B кездесу өткізді. Келіссөздер шетелден келетін туристер санын арттыруға, жаңа туристік бағыттар мен өнімдерді дамытуға, сондай-ақ халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталды. Әсіресе, болашағы зор үнді нарығына басымдық берілді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның арнайы бөлімше командалары UAE SWAT Challenge турнирінде көш бастады