Қазақстанның арнайы бөлімше командалары UAE SWAT Challenge турнирінде көш бастады

ҚР Қорғаныс министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі

Бес күнге созылатын халықаралық турнир 11 ақпанда мәресіне жетеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирінің алғашқы күнін сәтті аяқтады. 48 елден келген 109 арнайы жасақ командасының ішінде еліміздің төрт командасы да үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Almaty.tv

Турнир кестесінде Kazakhstan C командасы көш бастап тұр. Kazakhstan D екінші орынға жайғасса, Kazakhstan B төртінші орында. Ал Kazakhstan A командасы алғашқы ондықты түйіндеп, 10-орынға тұрақтады.

Сондай-ақ Қазақстанның Tomiris қыздар командасы жалпы есепте 20-орынды иеленді. Бұл – әйелдер командалары арасындағы ең жоғары нәтиже.

Қазақстан құрамалары бір тудың астында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ҚР Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің таңдаулы жауынгерлерінен құралған.

Бес күнге созылатын халықаралық турнир 11 ақпанда мәресіне жетеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатындағы екінші алтын медалін жеңіп алды

Новости партнеров