Энрике Иглесиас концерті: іс-шара алдында Тазабек көрермендерді тазалық сақтауға шақырды

05.09.2026 19:36
Кадр из видео

Алматыда Энрике Иглесиастың концерті басталуына аз уақыт қалды. Орталық стадион маңына әншінің жанкүйерлері жиналып жатыр. Көрермендер суретке түсіп, достарымен кездесіп, көптен күткен шоуның басталуын асыға күтуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы уақытта стадион аумағының тазалығын ерекше экологиялық көмекші — Тазабек бақылап жүр. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ол концерт қонақтарын тазалық сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Тазабек стадион аумағында көрермендерге өз қоқысын жинап, айналада жатқан қоқысты да назардан тыс қалдырмауды еске салатын плакатпен жүр. Сондай-ақ пластик бөтелкелерді арнайы жинау және қайта өңдеу орындарына тапсыру керектігін көрсетіп жүр.

Тазабектің өзі де аумақтағы қоқысты жинауға көмектесіп, тазалық сақтау әр адамның жауапкершілігі екенін өз ісімен көрсетуде.

Көрермендер Энрике Иглесиастың сахнаға шығуын күтіп жатқанда, Тазабек жақсы көңіл-күй таза ортадан басталатынын еске салады.

Оқи отырыңыз: Лос-Анджелестен Алматыға: Энрике Иглесиастың жанкүйері кумирін көру үшін арнайы ұшып келді

Толық көрсету