Алматыда заңсыз қойма ғимараттары сүріле бастады

Almaty.tv
Almaty.tv

Сүрілетін аумақ шамамен 2000 шаршы метрді құрайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Самғау шағын ауданындағы Көкорай көшесі, 28/2 үй мекенжайындағы заңсыз деп танылған қойма аумақтарының сүру жұмыстары туралы хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұған дейін басқарма тарапынан «Рифтам» ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нысанның басым бөлігіне рұқсат құжаттарының жоқ екені анықталған.

«Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 2174 шаршы метр заңсыз салынған нысанды сүруге талап арыз берген. 2023 жылдың 8 желтоқсанында сот талапты қанағаттандырды, ал биыл 4 наурызда Алматы қалалық сотының қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды», - делінген хабарламада.

Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бүгін сүру жұмыстары басталды.

Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 48 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай бұзылды.

Оқи отырыңыз: Асыл қазынам: Алматыда 700-ге жуық қария фестивальге қатысты

Новости партнеров