Референдумға дейін:
11
күн
9
сағат
57
минут

Алматы құрамасы еркін күрестен жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада 2026 жылы 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында U20 санатындағы жастар арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, алматылық палуандар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, командалық есепте бірінші орын иеленді. Қала құрамасы жарыста 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Ел чемпиондары:
- Расим Рамиль (57 кг);
- Сейдахмет Сұңқар (70 кг);
- Ерғали Бейбарыс (92 кг);
- Дурсунов Самир (97 кг).

Күміс жүлдегерлер:
- Русланұлы Әлібек (52 кг);
- Әбіл Ерхан (79 кг);
- Әбдіхалық Нұрсұлтан (92 кг).

Қола жүлдегерлер:
- Нұралыев Жеңісбек (57 кг);
- Қуанған Мансұр (65 кг).

Спорт басқармасының мәліметінше, Алматы құрамасы жарысты сенімді әрі нәтижелі өткізіп, бірнеше салмақ дәрежесінде тұрақты өнер көрсетті. Осылайша, алматылық палуандар жастар арасындағы еркін күресте қаланың көшбасшылық орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Оқи отырыңыз: Алматы кардиоорталығы аритмияны емдеу мүмкіндігін арттырды

Новости партнеров