Сенбілік барысында Есентай өзені жағалауынан қоқыстар шығарылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға компанияның 80 қызметкері қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Жетісу ауданында «Eco Almaty» ЖШС қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыстар Райымбек даңғылы мен Аэродромная көшесінің қиылысында, Есентай өзенінің арнасы бойында жүргізілді.

Іс-шараға компанияның 80 қызметкері қатысты. Сенбілік барысында аумақ санитарлық тазалаудан өтіп, қоқыс жиналып шығарылды, іргелес аумақтар ретке келтірілді.

Жұмыс қорытындысы бойынша 25 текше метрден астам қалдық шығарылды.

Мұндай іс-шаралар қалалық ортаның тазалығын сақтауға және аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Алатау» технологиялар паркі аумағында бизнес өкілдері сенбілікке қатысты

Новости партнеров