Наурызбай ауданында су басу фактілері тіркелген жоқ, тұрғындарды эвакуациялау жүргізілмеді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Наурызбай ауданы әкімдігі аппаратының мәліметінше, Наурызбай ауданы тұрғындарын эвакуациялау жүргізілген жоқ , деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Уақытша орналастыру пункттерін дайындау – ықтимал қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмдеріне сәйкес қабылданған алдын алу шарасы ғана. Хабарлау жүйесі іске қосылғанымен, уақытша орналастыру пункттеріне тұрғындар жүгінген жоқ.

Қалалық қызметтер Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп тәулік бойы жағдайды бақылап, Ақсай өзені бассейніндегі ахуалды қадағалап отыр.

Тұрғындарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпаратқа сүйенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырамыз. Жағдай өзгерген жағдайда тұрғындарға ресми байланыс арналары арқылы жедел ақпарат беріледі.

Оқи отырыңыз: FlyArystan Алматы мен Сиань арасында тікелей әуе рейсін іске қосты