Ерекше ықылас: Алматыда соңғы сайлаушыларға құрмет көрсетілді

РСК Алматы
РСК Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Құрылтай сайлауы аяқталуға жақын. Сайлау учаскелері дауыс беру құқығын соңғы сағатқа дейін пайдалануға келген тұрғындарды қабылдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Соңғы болып дауыс берген сайлаушыларға ерекше ықылас білдіріліп, естелік сыйлық табысталуда. Солардың бірі дауыс берудің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда сайлау учаскесіне келген Ілияс Мирфаизов.

Ұйымдастырушылар үшін бұл жай ғана құрмет белгісі емес, өзіндік мәні бар нышан. Сайлау күні соңғы сәтке дейін жалғасады және белгіленген уақытта келген әрбір сайлаушыға азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік беріледі.

Соңғы бюллетень дауыс беру жәшігіне салынып, учаскелер жұмысын аяқтауға дайындалып жатыр. Алматыдағы сайлау күні біртіндеп мәресіне жеткенімен, оның басты мәні өзгермейді. Әрбір дауыс – жеке таңдау әрі ел болашағына атсалысу.

Оқи отырыңыз: Түрксіб ауданында алғаш дауыс берген жастар саны артты