Спорт пен өнер тоғысқан думан: Қала күні Түрксіб ауданында қалай өтіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала күніне орай Алматының Түрксіб ауданында тұрғындарға арналған мерекелік іс-шара өтті. Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта ұйымдастырылған бағдарлама мәдениет пен спортты тоғыстырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеште ауданның шығармашылық ұжымдары, вокалдық және хореографиялық ансамбльдер өнер көрсетіп, концерт ұсынды. Ал балалар мен жастар арасында үстел теннисі, тоғызқұмалақ және стритболдан жарыстар өтті.

Мерекелік алаңда алма жәрмеңкесі, тақырыптық фотоаймақтар, балаларға арналған ойын-сауық алаңдары, байқаулар мен викториналар ұйымдастырылды. Сонымен қатар жас суретшілер мен қолөнер шеберлерінің шығармашылық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

Қала күніне арналған мерекелік бағдарламалар ауданның өзге де алаңдарында жалғасып, кешкі уақытта ашық аспан астындағы кино көрсетілімімен түйінделеді.

«Екі күн мерекені атап өтеміз. Түрксіб ауданында бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта өтіп жатыр. Концерттік бағдарламалар, спорттық ойындар сағат 11:00-ден ксағат 17:00-ге дейін жалғасады. Ертең 20 қыркүйек Молдағалиев көшесінде ауданының арбатында 17:00-ден бастап, караоке, кинопоказдар болады», – деді Түрксіб ауданының әкімі Дамир Әкежанов

 Оқи отырыңыз: «Алматыны аяла!»: 50 жастан асқан әуесқой өнерпаздар сахна төрінде