Наурызбай ауданындағы мектептерде театр үйірмелері белсенді дамып келеді
Бүгінде Наурызбай ауданындағы 13 мектепте театр үйірмесі жұмыс істеп тұр. Оқушылар сахнада қойылым қойып, тәжірибесін шыңдап, өнер көрсетіп жүр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ынталы жастардың бір тобы №176-шы мектеп-гимназиясында тәлім алады. Бүгін олар «Менің атым – Қожа» туындысының негізінде театрландырылған әдеби-сазды кеш өткізді. Шығармадағы оқиға желісін қазіргі кезеңмен ұштастырып, оған өзіндік рең қосқан жас әртістердің шеберлігін ата-аналары мен білім ордасының ұжымы жоғары бағалады.
Атап өтейік, бұл бастама «Адал азамат» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отыр
«Бүгінгі шараның маңызы өте зор деп ойлаймын. Себебі үштік одақ, яғни мектеп, ата-ана, оқушы үшеуі біріккен кезде ғана тәрбиелі бала, тұлға қалыптасады», - деді №176 мектеп-гимназия директоры Нұржамал Дүйсенбекова.
Оқи отырыңыз: Алматыда Қазақстан этностары театр өнерінің фестивалі басталды