"Таза Қазақстан": комьюнити-орталықтардың 500-ден астам өкілі сенбілікке шықты

Пресс-служба акима города Алматы
Пресс-служба акима города Алматы

Қатысушылар қоғамдық орындарды да тазартуға белсене көмектесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында республикалық "Таза Қазақстан" және қалалық "Алматы – ортақ үйіміз" кампаниясы аясында ауқымды қалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Шараға қаланың барлық комьюнити-орталықтарынан 500-ден астам резидент қатысты. Қатысушылар тек орталықтардың маңайын ғана емес, саябақтар мен скверлер сияқты қоғамдық орындарды да тазартуға белсене көмектесті.

Сенбілікке қатысқан жастар жыл бойы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған акцияларға дәстүрлі түрде қатысатынын жеткізді.

"Экологиялық акциялар — бұл тек қаланы тазарту ғана емес, табиғатқа қамқорлық жасайтын адамдардың бірлігін сезінудің мүмкіндігі. Осындай сенбіліктер арқылы, қаламыздың тазалығына кішкене болса да  үлес қосқымыз келеді", - деді Түрксіб ауданы комьюнити орталығының басшысы Тауасар Мұратхан.

Комьюнити-орталықтар Алматыда экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызды алаңға айналды. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері бұл орталықтарда 1500-ден астам іс-шара өткен, оның ішінде дәрістер, семинарлар, эко-акциялар, интеллектуалдық ойындар, шеберлік сабақтары, акустикалық кештер, спорттық турнирлер және т.б. Бұл іс-шараларға жалпы 375 мыңнан астам адам қатысса, соның  27 мыңы NEET санатындағы жастар.

Осы жылдан бастап әрбір комьюнити орталықта қазақстандық өндірістің фандоматтары – оларды одан әрі өңдеу үшін пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинау аппараттары орнатылды. Сонымен қатар "Plastic reboot" акциясы аясында комьюнити орталықтар 1 тоннапластик қақпақ жинады.

Осылайша, осы жастар кеңістігіне келушілер арасында экологиялық құндылықтар қалыптасуда, ал комьюнити орталықтардың резиденттері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды қолдай отырып, экорейнджерлер қатарын белсенді толықтыруда.

Оқи отырыңыз: Алматыда танымал спортшылар мен әншілер жалпықалалық сенбілікке қатысты

Новости партнеров