Референдумға дейін:
23
күн
5
сағат
48
минут

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулаторияның құрылысы басталады. Бұл туралы қалалық экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихат сессиясында айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Атап айтқанда, Медеу ауданында №2 қалалық перзентхананың жаңа ғимараты және «Шұғыла» шағынауданында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр.

Аталған жобаларды жүзеге асыруға 3,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаланың қарқынды дамып келе жатқан аудан тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2026 жылға арналған нақтыланған бюджеттегі басым бағыттардың бірі болып қала береді.

Оқи отырыңыз: Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Новости партнеров