Елдімекенді газдандыру жұмыстары 2 жыл бұрын басталған
Қызылорда қаласының іргесіндегі саяжайлардың біріне көгілдір отын берілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Халық тығыз қоныстанған 10 саяжайдың бірі - Сабалақ елдімекенінің жұрты табиғи газға қол жеткізді. Тұрғындар біраз жылдан бері газ мәселесін көтеріп келген. Осыған сәйкес, республикалық және облыстық бюджеттен жобаны жүзеге асыруға 3 млрд теңге бөлініпті. Елдімекенді газдандыру жұмыстары 2 жыл бұрын басталып, мәселе оң шешімін тапты. Енді 1700-ге тарта абонент көгілдір отынның игілігін көруге көшті.
«Сабалақ халқының өмірі қыста көмір сатып алып, ағаш отын жинап 6 ай қыста бейнетке қалатын. Бүгін өте қуаныштымыз! Үйіміз жып-жылы ,бұрын түнде салқындап кететін», - деді саяжай тұрғыны Саида Ажмолдаева.
Оқи отырыңыз: Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталуда