Алматыда Спорт күніне орай ауқымды спорттық іс-шаралар бағдарламасы өтеді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тамыз айы бойы Алматыда Спорт күніне орай халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында турнирлер, көпшілікке арналған жаттығулар, отбасылық фестивальдер мен әуесқойлар арасындағы жарыстар өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Негізгі іс-шаралардың қатарында жоғары оқу орындары командалары арасындағы шахматтан әлем чемпионаты, Денсаулық және спортқа арналған отбасылық фестиваль, Медиабаскет лигасы, 3×3 баскетболдан Қазақстан чемпионатының финалы, Gran Fondo World Championship Qualifier іріктеу кезеңі, Roland Garros Juniors халықаралық турнирі және есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының IV спартакиадасы бар.

Сонымен қатар қала тұрғындары үшін Almaty Move жобасы аясындағы тегін жаттығулар жалғасады.

Іс-шаралар кәсіби спортшыларға да, әуесқой деңгейде спортпен айналысатын немесе салауатты өмір салтын енді ғана бастап жүрген тұрғындарға да арналған.

Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, мерекелік бағдарлама бұқаралық спортты дамытуға және қала тұрғындары мен қонақтарының белсенді демалуына қосымша мүмкіндік жасауға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Алматылық жастар өз жобасын іске асыру үшін 1 млн теңгедей грант ала алады