Алматыда 21 наурыз күні Астана алаңында Наурыз мейрамына арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін қаланың орталық алаңы ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдени форматтарды ұштастыратын мерекенің басты алаңына айналады.
Бағдарламада қазақстандық артистердің қатысуымен концерттер, театрландырылған қойылымдар, цифрлық турлар мен роботтар ұсынылатын интерактивті аймақтар, сондай-ақ тақырыптық көрмелер жоспарланған.
Сахнада «Дос-Мұқасан», «МузАРТ», «Ұлытау», «Алашұлы» топтары, сондай-ақ Нұржан Керменбаев, Салтанат Бақаева, Талғат Күзембаев, Айгүл Елшібаева, Ернар Айдар, Мақпал Исабекова, Мөлдір Әуелбекова және Әсет Есжан сынды танымал әншілер өнер көрсетеді. Мерекелік іс-шараның арнайы қонағы – Әзірбайжаннан келген әнші Роза Зергерли.
Оқи отырыңыз: Ұлттық спорт күні: Алматыда қандай мерекелік іс-шаралар өтеді